Қылмыс/Оқиға
«Атамекен» бағдарламасы арқылы ақша шығарып беремін деп алдап кеткен азамат анықталды
2021 жылдың 8-қазанында Абай АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша мемлекет тарапынан берілетін «Атамекен» бағдарламасы арқылы 1.100.000 теңге ақша шығарып беремін деп, алаяқтық жолмен 60.000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен.
Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Күдікті қамауда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Осы орайда, шымкенттік полицейлер тұрғындарға бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.