Қылмыс/Оқиға

Пәтерді кезектен тыс әперемін деп алдап кеткен азамат анықталды

2021 жылдың 6-қазанында Абай АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Онда, бейтаныс азамат мемлекет тарапынан берілетін пәтерді кезектен тыс алып беремін деп, 600.000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен.

Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары тұрғындарға бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close