Қылмыс/Оқиға

Шымкентте автокөліктің бөлшегін ұрлаған азамат анықталды

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз азамат жеке үйінің ауласына жасырын түрде кірген. Ол аулада тұрған «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөліктің құны 600.000 теңге тұратын катализаторын ұрлап кеткендігін жазып, көрсеткен.

Қаратау ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Оның басқа да ұрлық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close