Қылмыс/Оқиға
Шымкенттік полицейлер пәтер ұрысын анықтады
Шымкент қаласының полицейлері алтын бұйымдары мен ақшаларын ұрлап кеткен азаматты құрықтады.
2021 жылдың қыркүйек айында Абай АПБ-на Шымкент қаласының 11 тұрғыны арызданған болатын. Олар өз арызында, белгісіз тұлғалар тұрғын үй жайларының есік құлыптарын бұзу арқылы заңсыз кіріп, алтын бұйымдары мен ақшалай қаражатын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Абай АПБ-ның қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларының барысында Түркістан облысының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті азамат кінәсін толық мойнына алды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер тұрғындарға құнды заттарына мұқият болуға шақырады.