Қылмыс/Оқиға

Шымкенттік полицейлер үй иесін алдап кеткен азаматты анықтады

2021 жылдың 25-қыркүйегінде Абай АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол арызында, белгісіз тұлға үйіне екінші қабатқа баспалдақ жасап беремін деп, сеніміне кіріп, 700.000 теңгесін алып, алдап кеткенін көрсеткен.
Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шара жүргізу нәтижесінде Түркістан облысының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер бөгде адамдарға аталған саланың анық қызметкері екеніне көз жеткізбей ақша бермеуге шақырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close