Шымкенттік полицейлер ұрлық жасаған азаматты құрықтады
Шымкент қаласының полицейлері жергілікті тұрғынның үйін үптеп кеткен азаматты анықтады.
Атап кетсек, 2021 жылдың 5-қазанында Абай АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға үйіне терезе арқылы кіріп, құны 350.000 теңге тұратын алтын сырғасын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 188-бабымен(Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алынды.
Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шаралары жүргізілді. Тәртіп сақшылар күдікті азаматты анықтап, басқармаға жеткізді. Нәтижесінде күдікті ретінде қызының досы анықталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Ұсталған азаматтың басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда. Бүгінгі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер тұрғындарға құнды заттарына мұқият болуға шақырады.