ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ
Суырып салма ақын, жырау, жыршының туғанына 175 жыл
Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.
Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады.
Жамбыл «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңінде елдің әлеуметтік саяси өмірін көрсеткен.
Жамбылдың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады.
Жамбыл көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.
Жамбыл 1945 жылы 22 маусымда Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті.