Саясат

2 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСШЫНЫҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗДАРЫ ӨТЕЛДІ

Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды баяндады. Басқарма басшысы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, жазатайым жағдайлар, ұжымдық шарт жасасу, ақпараттық-насихаттық және тағы басқа бағыттарда жүзеге асқан жұмыстарды айтып өтті.

9 айда әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан, жеке тұлғалардың 831 арыз-шағымдар мен өтініштері заңға сәйкес қаралып, басқарма тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Басқарма басшысының айтуынша, арыз-шағымдар әрдайым зерделеніп отырады. Есепті кезеңде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, көлік және логистика, қаржы нарығы және басқа салаларда арыз-шағымдар көбейген.

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 172 тексеру жүргізіліп, 254 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде, еңбек қатынастары бойынша 191, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 57, жұмыспен қамту бойынша 6 заң бұзушылық тіркелген. Анықталған бұзушылықтардың негізінде 102 нұсқама берілген. Тексеру нәтижелерімен 7,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 5,8 млн теңге айыппұл өндірілген.

Сонымен қатар, басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан жыл басынан бері 56 кәсіпорындағы 2121 жұмыскердің 230,5 млн теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтеліп, 2121 жұмыскердің әлеуметтік құқықтары қорғалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close