Саясат

№47 МЕКТЕПТІҢ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қаладағы №47 мектептің 300 орындық қосалқы құрылыс нысанына мониторинг жүргізді.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы индекаторлардың орындалуы бойынша мониторинг жұмыстары өз жалғасын табуда.

Келесі жылы қолданысқа беруді жоспарланған құрылыс насынының жұмысымен жіті танысқан мәслихат хатшысы аталған жоспарға сәйкес, білім нысандарының құрылыс жұмыстарына қатысты өз бағасын беріп, алдағы уақытта назарда ұстайтынын жеткізді. Шара барысында тиісті құрылыс саласының жауапты мамандарына тапсырмалар беріліп, бір қатар сын-ескертпелер айтылды.

Шымкент қаласында сапалы білім беруге жағдай жасау мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар түзілген. Аталған жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 72 мектеп құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азаятынын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close