Саясат

АБАЙ АУДАНЫНДА 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Абай ауданының әкімі Б.Парманов биыл 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша Шымкент қаласының әкіміне есеп берді.

323 мыңдай тұрғыны бар Абай ауданында атқарылған нәтижелі жұмыстар межеленген 7 индикатор бойынша 100 пайызды көрсетіп отыр. Атап айтқанда: инвестиция, санитарлық тазалық, ашық спорт алаңшаларын салу, арыз-шағымдарды төмендету, аулаларды абаттандыру, бірыңғай Айкөмек арқылы түсетін шағымдар мен өтініштердің орындалуы, сыбайлас жемқорлық әрекетіне жол бермеуін қамтамасыз ету.

Аудан әкімі аудан аумағында шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы инвестициялық жобаларға мониторинг жұмыстар жүргізіліп, 60 жоба анықталғанын жеткізді. Инвестициялық жобалардың құны шамамен 25 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде тоғыз айда 16 млрд теңгені құрайтын 30 жобаны тіркеу жұмыстары жүргізілген. Қалған 9 млрд. теңгені жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, шалғай орналасқан 10 елдімекеннің өзекті мәселесі саналатын инфрақұрылым бүгінде шешімін тауып келеді. 2020-2021 жылдар аралығында ауыз суға 9,9 млрд, электр жарығына 3,4 млрд, табиғи газға 767 млн. теңге бөлінген.

Өткен жылдан бері құрылыс жұмыстарының қарқынды жүру нәтижесінде 2022 жылы Абай ауданындағы ауыз су, электр жарығы және табиғи газ жүйесі 100 пайыз шешімін таппақ. Құрылыс жұмыстарының жүзеге асырылуы салдарынан арыз шағымдар да күрт азайған.

Қала әкімі әрбір елдімекен тұрғындарымен кездесіп, оларға атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндап түсіндіріп отыруды, құрылыстар кестеге сәйкес өз мерзімінде аяқталуын қатаң бақылауды тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close