Саясат

“АСАР-2 “ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ

Шымкент қаласы “Асар-2” тұрғын алабындағы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде іске асырылудың нәтижесінде, тұрғындар көптен күткен сапалы ауыз суға қол жеткізді. Осы күні ауыз су жүйесінің іске қосылу шарасына арнайы келіп, тұрғындардардың қуанышымен бөліскен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов
Асарлықтарды құттықтады.

Жаңа тартылған су құбырының тұрғындар үшін орасан зор қуанышты оқиға екенін алға тартқан қала әкімінің орынбасары қаладағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету қаламыздың даму бағытында атқарылатын жұмыстардың бастысы екенін жеткізді.

-Бүгін сіздер мен біздер көптен күткен үлкен қуаныштың куәсі болып отырмыз. Енді “Асар-2” тұрғын алабындағы 11 мыңнан астам тұрғын тәулік бойы, үздіксіз сапалы ауыз су тұтынатын болады. Жалпы қазіргі таңда қала тұрғындарының 98 пайызы таза ауыз суға қол жеткізген. Үшінші мегаполисте алдағы жылдары толық сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, — деді қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов.

Мемлекет басшысы таза ауыз суға қол жеткізу деңгейін барлық өңірде теңестіру қажеттігін бірнеше рет атап көрсетті. Сондықтан халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылданып, қазіргі уақытта тұрғындарға ауыз су рет-ретімен берілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close