АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Шымкент қаласы мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясына ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі болып өтті.
Б.Нарымбетов төрағалық еткен жиынға мәслихат депутаттары мен аудан әкімдері қатысты.
Бірлескен мәжілісте Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, және Қаратау ауданы әкімдерінің 8 айда атқарған жұмыстары тыңдалды. Аудан басшылары мәжілісте инфрақұрылым, жарықтандыру, ойын алаңшалары, абаттандыру, жылу қазандықтарының қысқы маусымға дайындық шаралары туралы мәселелер талқыланып, ағымдағы жылдың жұмыстары мен атқарылатын іс-шаралар жөнінде есеп берді.
Естеріңізге сала кетейік, осы мәселелерді сессияға дайындау мақсатында тұрақты комиссиялардың мүшелері арнайы аудандарға бөлініп, мониторинг жұмыстарын жүргізген болатын. Мониторинг қортындысы бойынша депутаттар сын-ескертпелерін айтып, шешім жобасын сессияның қарауына ұсынды.