АУДАН ӘКІМІ СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖАЙЫН ЖЕТКІЗДІ
Шымкент қаласы Қаратау ауданынің әкімі Абзал Әліқұлов «Instagram» парақшасында өткен тікелей эфирде жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндады. Аудан әкімі инфрақұрылыммен қамту туралы айтты.
Аудан аумағында 24 шағынаудан мен елді мекен орналасқан. Ондағы негізгі өзекті мәселенің бірі – инфрақұрылым. Бүгінде 7 елді мекен ауыз сумен, 7 елді мекен электр жарығы, 2 елді мекен табиғи газбен қамтылмаған.
А.Әліқұлов өз баяндамасында биыл Тассай, Тұран, Достық, Азат, Асар-2, ш/а мен Достық тұрғын алабында сапалы су тарту үшін құрылыстың аяқталғанын және бүгінде абоненттеу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты. Нұртас ш/а құрылыс 2022 жылға өтпелі. Ал, Қайнар бұлақ тұрғын алабында жобалау жұмысы жасалынуда.
Электр қуатымен қамтуда бірқатар жұмыстар атқарылған. Тұран, Тассай, Достық, Асар-2 ш/а құрылыс аяқталған. Қайнар бұлақ тұрғын алабына электр қуатын жеткізу келер жылға өтпелі. Құрылысы аяқталған елді мекендерге жарық берілсе қамту көрсеткіші 93 % құрайды, ал 2022 жылы 100 пайызға жетпек.
Аудан халқының 72,8% табиғи газбен қамтылған. Биыл Қайнар бұлақ тұрғын алабы үшін магистралды құбыр тартылды. Бүгінде тұрғын алап пен саяжайдың ішкі жүйесін жүргізу үшін жобалау жұмысы жүргізілуде. Сонымен бірге, Достық, Асар-2, Азат ш/а ішкі жүйелерінің құрылысы аяқталып отыр.
Биыл аудандағы 15 елді мекенде 54,4 шақырымды құрайтын 38 көшеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылса, 34,7 шақырымды 37 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Эфир барысында аудан әкімі тұрғындар жолдаған 50-ге жуық сұраққа жауап берді. Сұрақтардың дені инфрақұрылым төңірегінде болды.