«𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧» берілген уәделерді қалай орындауда?
Жыл басынан бері Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған әрбір өңір, қала және аудан бойынша 217 жол картасы аясында республикалық индикаторлардың 11%-ы және өңірлік деңгейлерде 12%-ы орындалды.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы 10 басымдықтар мен 149 іс-шараны қамтиды. Соның ішінде 2021 жылға жоспарланған 122 іс-шараның 1 жарты жылдықта 12-і (10%) аяқталып, 110 – і (90%) жылдың соңына дейін орындалады деп күтілуде.
2021 жылдың басынан бері «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 8361 өтініш түсті. Оның 62 % (5218) мәселе оң шешімін тапты, 36 % (3085) мәселе бойынша түсінік берілді. 1,2 % қаралу үстінде.