Саясат

«Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесін жүзеге асыру бойынша арнайы жиын өтті

Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекованың төрайымдылығымен «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесін жүзеге асыру бойынша арнайы жиын өтті. Оған ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасының аға прокуроры, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары прокурорларының аталған ақпараттық жүйені іске асыруға жауапты орынбасарлары, Адвокаттар алқасының төрағасы мен Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы басшысының орынбасары, аудандық Полиция басқармалары тергеу бөлімдерінің басшылары қатысты.

Басқосуда Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы А.Абдуллаева баяндама жасады. Бөлім басшысы өз баяндамасында «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы Полиция қызметкерлерімен қылмыстық істерге қорғаушы ретінде адвокаттарды тек Адвокаттар алқасымен бекітілген кестеге сай қатыстыру мәселелеріне кеңірек тоқталды.


Жиында Адвокаттар алқасы мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша адвокаттардың төлемақысына «күту уақытын» тергеушілер шығарған қаулыға қосу туралы өзекті мәселені көтерді. Бұл ретте тергеушілер күту уақытын анықтау үшін құқық қорғау органдарының қолданысындағы келушілерді тіркеу туралы ақпараттық жүйесінен мәліметті жүктеп алып, мамандарға дәлел ретінде ұсыну қажеттігін жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close