ЕКІ ЖЫЛДА ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІС ЖАСАДЫ
Темір Қырықбаев Түркістан облыстық мәслихатының мандатын екі жыл иеленді. Осы қысқа уақытта шешімін таппаған талай тірліктің түйінін қойды. Ол атаққа емес, елдің мәселесіне биліктің назарын аудару үшін депутат болғанын дәлелдеді.
Темір темірдей табандылығын алғашқы күндерден ақ көрсете білді. “Бармақ басты, көз қысты” баяндама жасап үйренген басқарма басшыларын тығырыққа тіреді. Әсіресе, өңірдегі үш ауысымды мектептердің мәселесін майшаммен қарады. Себебі жауапты сала басшысы облыста “үш ауысымды үш мектеп бар” деп жалған мәлімет берген. Мұның ақ-қарасын айыру үшін Темір Базарбайұлы арнайы комиссия құрып, шалғай ауылдарды түгел аралап шықты. Тексеру кезінде талапқа сай келмейтін 100-ге жуық білім ошағы анықталған.
Темір Қырықбаевтың тікелей жетекшілігімен Жетісайдағы тұралап қалған Шоқан Уәлиханов мектебінің құрылысы қайта жүргізілетін болды. Ескі ғимараты сүріліп, қазандығы қазылған күйі қалған мектептің жайын жергілікті жұрт бірнеше жылдан бері көтеріп жүрген еді.
Облыстағы білім саласының кем-кетігін түзеген Темір Қырықбаевтың ендігі мақсаты елдің мәселесін мәслихатта көтеру.