ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ: ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Шымкенттегі №130 жалпы орта білім беретін мектепте ҚР Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың «ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ: ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» атты қағидаттар жиынтығымен таныстыру , партияның саяси тұғырнамасына енгізілген 7 құндылықты дәріптеу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, Қаратау аудандық филиалы «Нұртас» бастауыш партия ұйымының төрағасы Аслан Алимбек, Қаратау аудандық филиалы төрағасы Иманкулов Абдез Рахманұлы және мектеп мұғалімдері қатысты.
Кездесуде жас ұрпаққа бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығымен танысып, тұғырларды түсіну маңызы талқыланды.
Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы тақырып аясында баяндама жасап, жеті тұғырда айтылған негізгі басымдықтарға тоқталды.
Сондай-ақ, ұстаздар ел ағаларына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты әрі ұтымды жауаптар алды.