Саясат

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек қала әкімдігінің «Инстаграм» парақшасындағы тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды баяндады. Аудан әкімі қысқы жылыту маусымына дайындық, ұлттық халық санағын өткізу және санитарлық тазалық жұмыстарынан хабардар етіп, тұрғындар сауалына жауап берді.

Еңбекші ауданындағы көпқабатты үй тұрғындарына 2021-2022 жылғы қысқы жылу маусымында газбен уланудың алдын алу, газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану, пеш мұржаларын уақтылы тазалау, жылыту және газ қондырғыларын талапқа сай орнату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Бұл мақсатта жыл басынан бері аудан тұрғындарымен 290 жиналыс өткізіліп, үй ішілік газ жабдығына сервистік қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшартқа тұру жөнінде түсіндірілді.

2021 жылдың 1-30 қазан аралығында ұлттық халық санағының 2-кезеңі жүргізілуде. Осы орайда Еңбекші ауданында 37 орын-жай анықталып (оның ішінде, 28 мектеп, 1 көркем сурет мектебі), бөлінген бөлмелер компьютер, жиһаз, сымтетік, интернет желісімен қамтамасыз етілді.
Жалпы аудан бойынша ұлттық санақтың 2-кезеңінде 37 санақ учаскесінде 37 нұсқаушы-бақылаушы және 252 интервьюер (санақшылар), жалпы барлығы 289 адам санақ жүргізуде.

Аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстары «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан жүргізіледі. Бүгінге дейін ауданда санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 8 қалалық, 15 аудандық сенбіліктер өткізілді. Сенбіліктерге 81000-ға жуық адам қатысып, 216 техника жұмылдырылды. Тазалық іс-шараларына тұрғындар, мердігер мекемелер, еріктілер, сауда нысанының иелері қатысуда.

Аудан әкімі эфир барысында инженерлік жүйелер, әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close