Саясат

«ФИРМА ДАНА» ЖШС ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ШЫНЫ ӨНДІРУДЕ

«Оңтүстік» индустриалды аймағындағы «Фирма Дана» ЖШС шыны өндіруші кәсіпорны қарқынды жұмыс істеуде. Қала әкімі М. Әйтенов 2012-2014 жылдары жүзеге асырылған өндіріс орынның бүгінгі жағдайымен танысты.

Кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр шыны өндіруде. Жоба құны – 500 млн теңге. Бүгінде 55 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Дайын өнімдерді 100 % ішкі нарыққа шығарады. Шымкент қаласындағы әйнек өндірісіне маманданған бірден-бір кәсіпорын.
Жаңа технологияға негізделген шыны қыста үйдегі жылуды сақтаса, жазда бөлмедегі температураны бірқалыпты күйде ұстайды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында несие қарызын субсидиялау, индустриалды аймақтан жер беру сынды мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді.
Қала әкімі кәсіпкерлерге өндірісті кеңейтуді, бұл орайда жергілікті мамандарды жұмысқа тартуды, өнімділікті одан әрі арттыруды тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close