Саясат

ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА 22 МЫҢ ДАНА ЖАДНАМА ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир барысында тұрғын үйлерде газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану туралы түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, қала аумағында орталық газ жүйесіне қосылған 192 780 абонент бар екен. Оның ішінде 85 243 абонент көпқабатты тұрғын үйлер, 100 362 абонент жеке сектор, 363 абонент өндірістік кәсіпорындар және әлеуметтік нысандар және 6 812 абонент тұрмыстық шаруашылық мекемелер.

Тұрғындарға газды пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келетінін айтқан басқарма басшысы жыл басынан бері сала мамандарымен 22 мың дана хабарлама таратылғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда, үгіт-насихат түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында, 186 мың газ пайдаланушылардан 107 мың (58 %) ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуші мекемелермен келісім шартқа тұрған. ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19 бабының 3 тармақшасына сәйкес, тұрғындар тұрмыстық газды пайдалану барысында аттестатталған, мамандандырылған мекемелермен (ВДГО) өздеріне тиесілі газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті- делінген»,-деді Ғ.Утенбаев.

Айта кетейік, өткен 2020-2021 жылдың жылыту маусымында қала бойынша газбен байланысты көптеген оқыс-оқиғалар тіркелген болатын. Оның ішінде ұлы газбен ұланып 8 адам қайтыс болған, олардың арасында кішкентай балалар да бар. Сала жетекшісі аталған оқиғалардың басты себебі, тұрғындардың техникалық талаптарды сақтамауы, атап айтқанда өз бетінше газды тұтыну құрғыларын орнатуы, лоджияға шығаруы және желдеткіш каналдарын мұржа ретінде пайдалануы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close