ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН TEDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСТІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Талғат Балтабаев аудан жастарымен кездесті.
Кездесудің мақсаты Адалдық парасаттылық құндылықтарын насихаттау. Сондай-ақ халық қалаулысын аудан орталығының жұмыс бағытымен таныстыру. Еркін форматта жастар арасындағы өзекті мәселер бойынша яғни, жұмыссыздық, тұрғын үй, жастар мен жасөспірімдер арасындағы түрлі мәселелері бойынша ұсыныстар айту.
Аталмыш кездесу барысында
жастар арасындағы құқықбұзушылықтың көбеюі, психологиялық тұрақсыздық, жұмыссыздық, білім мекемелеріндегі психолог мамандардың жетіспеушілігі сынды мәселелері бойынша ұсыныс пікірлер айтылды.
Сонымен қатар Абай аудандық жастар орталығының жұмыс бағытымен танысып, ауданның белсенді жастарымен еркін форматта әңгіме өрбіді.
Өз кезегінде, халық қалаулысы:
— Жастар — еліміздің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші. Олардың мәселесі — елдің мәселесі. Себебі болашақ бағдарымыз солардың таным-тәжірибесіне, білімі мен көзқарасына байланысты. Сондықтан өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне қашан да көңіл бөлуіміз керек!
— Алдағы уақытта жастармен бірге аталған мәселелер төңірегінде жұмыс істеймін. Бұдан бөлек жастармен жиі кездесіп тұратын боламын. — деп айтып өтті.
Кездесуде барлық санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар сақталды.