Саясат

Комиссия шешімінсіз үй берді

«Қоғамдық комиссия және тыңдалым- бала-шағаның ойыны

Президенттің тапсырмасы бойынша қоғамдық ашықтық, мемлекеттік мекемелерде шешім қабылдауда тұрғындардың пікірін басты назарға алу және басқа да жақсы бастамалар, өзгерістер болып жатқандай. Неге болып жатқандай? Өйткені бұл тек жоғарыда айтылып жатқан әдемі сөздер ғана. Ал жергілікті әкімшіліктер оған құлақ асатын түрі жоқ.

Бұрынғы әкімдер кезінде қалай жұмыс істегенін білмеймін, оларға мұндай тапсырма да болмаған ғой. Ал енді қазіргі әкімдер кезінде болып жатқаны сұмдық. Президенттің айтқанына алаңдамай, сол баяғы «бармақ басты, көз қысты» жалғасуда.

Айырмашылығы тек бірнеше азаматтарды жинап алып, қоғам қолдау көрсетіп жатыр деп бала-шағаны кәмпитпен алдаумен әлек. Айтып отырғаным сол Шымкенттегі жастарға бөлінген пәтерлердің дауы. Түсініксіз былықтар өте көп. Осылай болмасын деп комиссия мүшелігіне кіргенмін, қайдан білейін мұның да ойын екенін. Жай ғана тізімді беріп, осылай болды деп шығарып салды. Әр үміткердің құжаттарын жеке тексере алмадық, кімнің қанша баллды қалай жинағанынан хабарсызбыз. Комиссия отырысының протоколын көрмедік, қол қоймадық. Ал енді Тұрғын үй басқармасы шешім шығарып, брифинг беріп үлгеріпті. Бұл қалай болғаны.

Егер бұлай жасайтындарыңды білгенде комиссия мүшесі болмайтын едім ғой. Алдын ала ашығын айтып, барлық азаматтар ала алмайды, кім алатынын өзіміз шешеміз десеңіздер мыңдаған жастарға жалған үміт бермейтін едіңдер.

Осылай лас тірліктерің үшін емес пе қаншама жастарымыз өз елінен безіп, шетел асып жүргені? Қайбір жетіскенінен кетіп жатыр дейсіздер? Себепші сіздер, сіздердің былықтарыңыз. Айдың күннің аманында туған жерін тастап кетіп жатқаны.

#Айтеновкет демеймін, оған кетейін деп отырған әкім жоқ. Бірақ ең болмаса өзіне кір келтіріп отырған айналасындағы қызметкерлерінің жұмысын қадағаласа болады ғой. Ойынның уақыты өтті, іспен айналысатын кез. Ашынған халықпен ойнамаңыздар» дейді әлеуметтік желідегі парақшасында Айгерім Айтаханова

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close