Саясат

Мақсат — Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Шымкентте «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: қоғаммен байланыс» атты форум өтті. Шара барысында қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі мен іске асырылып жатқан жобалар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті ұйымдастырған жиында жемқорлықты жою мәселелері де сөз болды. Департамент басшысы Шаттық Өтеев сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды қалыптастырудағы қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

«Біздің басты мақсатымыз — қоғаммен жалпы азаматтарымыздың өмірін сыбайлас жемқорлықтан азат ету үшін тиісті жағдай жасау.

Бұл үшін азаматтық қоғамның серіктес ретінде қатысуы өте маңызды», — деп атап өтті Ш. Өтеев.

Форум барысында БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға үлес қосқан қоғам белсенділері марапатталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close