Саясат

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ ҚАЙТА ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Шымкенттегі білім мекемелерінің асханалары араға бір жарым жыл салып қайта жұмысын бастайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында белгілі болды. Қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А. Ахметов жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндады.

Шаһардың бас ұстазы Жанат Арысбекқызының айтуынша, қаладағы білім ошақтары жаңа оқу жылына дайын. Бүгінгі таңда оқулықтар жеткізіліп, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында турникеттер мен бейнебақылау камералары орнатылған.

– 2021-2022 жаңа оқу жылы білім беру ұйымдары 17-ге артты. 785 білім мекемесіндегі 350 мыңға жуық білім алушылармен (+8 000 бала) басталғалы отыр. 1-сыныпқа 25 000 баланы қабылдау жоспарланса, бүгінгі таңда қабылданғаны – 25 005 баланы құрап (қазақ тілінде – 18 755, орыс тілінде – 4 125, өзбек тілінде – 2 125) 100% орындалды. Білім қоры арқылы 57 466 балаға 30 000 теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек берілді. Білім ұйымдарында күнделікті термометрия, кварцтау, желдету, дезинфекция және маска режимі сақталады. Ата-ана баласына тек маска алып беріп отырса жеткілікті. Қалған санитарлық-эпидемиологиялық шараларға арнайы қаржы қаралған, — деді басқарма басшысы.

Ал Алдарқұл Ахметов ұстаздар қауымы мен оқушыларға білім беретін мекемелерде санитарлық талаптарды қатаң сақтауды шақырды. Оның ішінде, қарсы көрсетілімі бар және КВИ-мен соңғы үш айда ауырған педагогтер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері толықтай вакцинациялануы қажет екенін айтты.

Спикердің мәлімдеуінше білім беру ұйымдарынданың қарсы көрсетілімі бар азаматтарына ПТР тесті міндеттелмейді. Асханалар санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. Егер кіру есіктері сыртта болған жағдайда «ASHYQ» жүйесіне қосылады. Оларға да qr-код қою керек болады.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы қалада 1-қыркүйектен бастап дәстүрлі форматта бастау жоспарлануда. Мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады, бұл ретте мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге де рұқсат етіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close