Саясат

ӨРТКЕ ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда.

Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Әр адамның қауіпсіздігіне қамқорлықпен!» акциясы аясында «Магнум» сауда үйінде профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Мобильді топ азаматтарға пешпен жылыту, электр құрылғыларын орнату және пайдаланудың негізгі ережелерін түсіндіріп, өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттер, шұғыл қызметтерді шақыру бойынша кеңестер берді.

Сонымен қатар, басқарма мамандары өнімдер пакеттеріне ТЖ департаментінің сайтына бірден кіруге болатын QR коды бар арнайы жадынамалар жапсырды.

Айта кетсек, шаһарда қысқы жылыту маусымында тұрмыстық газдан уланудың, өрттің алдын-алу бағытында жүйелі жұмыстар тұрақты атқарылуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close