Саясат

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМ БОЙЫНША БРИФИНГ БЕРДІ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары, полковник Алмас Әмзеевтің қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде Алмас Балтабайұлы қайта құрылым туралы айтты.

– ҚР ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі «2019–2021 жылдарға арналған Жол картасы» бойынша жол-патрульдік полиция «патрульдік полиция» болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта саптық бөліністердің сержанттар құрамының лауазымдарын офицерлік лауазымдарға кезең-кезеңімен ауыстыру жүргізілуде. Бұл ретте кадрларды іріктеу және даярлау, ведомстволық білім беру жүйесі оңтайландырылды, – деді А.Әмзеев.

Спикердің сөзінше, полиция мамандандырылған ХҚКО-дан кетті, яғни, құқық алу үшін емтихан қабылдау қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына берілген.

Брифингте белгілі болғандай оңтайландырылған ведомство ай сайын кең ауқымды «жолда қабылдау» акциясын өткізеді. Нәтижесінде, азаматтар өз мәселелерін бейресми жағдайда жедел шешу және полиция жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік алған. Осыған байланысты 120 мыңнан астам ұсыныс қабылданған.

Айта кетейік, Ішкі істер органдарына қабылдау конкурстық негізінде жүзеге асырылады. Ал тактикалық арнайы даярлық, нақты экстремалды жағдайлардағы әрекеттерге ату жаттығулардың жаңа түрлері енгізіліп, дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ тапсыру 2 санатқа бөлінген. Бұл ретте бұйрықта көрсетілген талаптарды орындай алмаған қызметкерлерді лауазымынан босатуға дейін жауапкершіліктер қарастырылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close