Саясат
ҚАЛА ӘКІМІ Б. МОМЫШҰЛЫ КӨШЕСІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ
Шымкент қаласында биыл 182 көше мен 21,9 шақырымдық 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Қала әкімі М.Әйтенов жол құрылысы нысандарының бірқатарын аралап, жұмыс барысын бақылады.
Орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысанның бірі – қала орталығындағы Б.Момышұлы көшесі. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 95 пайызы біткен. Бұл көшеде орташа жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілген болатын.