ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы мен тұрақты комиссия төрағалары «Zoom» байланыс желісі арқылы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға қатысқан қала тұрғындары Желтоқсан оқиғасына байланысты іс-шаралар өткізу, ескерткіш орнату, Асар 2 мөлтек ауданы, № 1-4 көшелерде қалып қойған 8 үйдің мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар, тұрғылықты ауданы бойынша мектеп салу, ауыз су, табиғи газ, көгалдандыру, асфальт жол салып беру мәселелерін көтерген қала тұрғынының уәжі тыңдалып, кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ, мүгедек баласының еміне, дәрі-дәрмекке көмек сұраған бір қатар тұрғындардың мәселесі тыңдалды. Өз кезегінде мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов қоғамдық қабылдау барысында көтерілген мәселелерді заң аясында шешуді сала мамандарына тапсырып және депутаттар аталған мәселелер бойынша қосымша тұрғындармен кездесетінін жеткізді.