ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жүргізген жиында этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен және ассамблеяның белсенді мүшелерімен кездесті. Басқосуда еңбек ардагері Орынбай Рахманбердиев, корей, түрік, татар-башқұрт басқа да этномадени бірлестігінің басшылары сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
Жиынның негізгі мақсаты — Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында тапсырылған міндеттерді орындау бойынша талқылау өткізу.
Мұнан соң М.Әзілханов Сайрам тұрғын алабында орналасқан өзбек драма театрында өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесті. Жиында өзбек этномәдени бірлестіктері, «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов мегаполистегі бауырлас халықтардың өзара ынтымағы мен бірлігі және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жайлы айтып өтті. Іс сапар соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қалалық ассамблея ғимараты мен онда атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.