Саясат

СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БРИФИНГ БЕРДІ

 Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Архабаев басқарма тарапынан жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы айтты.

– Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қаланың дамуы солтүстік бағытта жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Әкімшілік іскерлік орталығы аумағы 282 гектар, әкімшілік, көпсалалы мәдени, оқу-ағарту және басқа да халыққа қызмет көрсету ғимараттары, көпқабатты тұрғын құрылыс нысандары салынып, игерілуі толық аяқталуда. Ал «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қала әкімдігі тарапынан геоақпараттық порталды құрып іске асыру жұмыстары осы жылдың аяғына дейін жоспарланды, – деді басқарма басшысы.

Нұрлан Төлепбергенұлының сөзінше, бүгінде қолда бар картографиялық деректер жинақталып және жүйеленіп, талданып, цифрландырылған. Қаланың 69,1 мың гектар тұрғын аумағына жоғары денгейдегі аэрофототүсірілім жүргізіліп, ортофотожоспар құрылған. Сондай-ақ, басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мақсатында тиісті жұмыстар мен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрымен интеграциялау жұмыстары жасақталған.

Айта кетейік, басқарма тарапынан 17 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Жыл басынан бері жалпы саны 25 006 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, 5 нысанның құрылысы үшін қарастырылған жер телімі мемлекет мұқтажына қайтарылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close