ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекованың бұйрығымен 2021 жылдың 12 қазанынан бастап, «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»КММ-нің директоры болып Балыкбаев Абылайхан Алибекұлы тағайындалды.
Абылайхан Алибекұлы 1984 жылы 22 мамыр күні ОҚО, Мақтарал ауданы, Мырзакент кентінде дүниеге келген.
Білімі-жоғары.
2006 ж. Қазақ Гуманитарлық Заң университеті «Заңгер» мамандығы бойынша;
2010 ж. Қазақстан-Ресей университеті «Экономист» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолы:
2005- 2006 ж.- АҚ «ИУ ABS Center», заңгердің көмекшісі;
2006-2006 ж.- «Фирма Шанырак Недвижимость» ЖШС, директор орынбасары;
2006-2010 ж.- АҚ «КазАгроФинанс» («НУХ КазАгро» АҚ-ның еншілес мекемесі), кепілдік қамтамасыз ету бөлімінің маманы, жетекші маманы, бас маманы;
2010-2011 ж.- «СПК Astana» ҰК» АҚ, мемлекеттік сатып алу бойынша менеджері, бас менеджері;
2011- 2013 ж.- «Сарыарқа Агро» ЖШС («СПК Astana» ҰК» АҚ-ның еншілес мекемесі), директоры;
2013-2013ж.- «Аграрлық-Сараптамалық компания» ЖШС (КазАгро құрамындағы «Прокорпорация» АҚ-ның еншілес мекемесі), коммерциялық қызмет басшысы;
2013-2014 ж.-«Service-NK» ЖШС, директоры;
2014-2015 ж.-«КазАгроФинанс» АҚ, кепілдік қамтамасыз ету бөлімінің менеджері;
2015-2018 «Service-NK» ЖШС, директоры;
2018- 2020 ж.—«Қуатжылуорталық-3» МКК, директордың орынбасары;
2020 ж. бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.