Саясат

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Тұран шағынауданы құрылысы бойынша құрылған арнайы штабтың отырысы өтті. Жиында шағынауданды көгалдандыру, тұрғын үйді пайдалануға беру және инфрақұрылым мәселелері талқыланды.

Қала басшысы ең алдымен құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Тұран шағын ауданының дамуы қала экономикасы мен әл-ауқаты үшін аса маңызды екенін жеткізді. Тұрғын үйлерді пайдалануға берер кезде толығымен инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін, аулаларының абаттандырылуы жөнінде сала басшыларына тапсырмалар берді. Халықтың тұрмысы үшін ең қажетті газ, су, жарықтың мәселе тудырмауын қатаң тапсырды.

Сонымен қатар, қала әкімі орталық және ішкі орамдық жолдарды тексеріп, біршама кемшіліктерді анықтады. Орын алған олқылықтарды тез арада шешуді тиісті басқарма басшыларына жүктеді.

Тұран шағынауданында (Солтүстік-Шығыс бөлігі) №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13 көшелерде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол, веложол және автомобиль жолдардың сызбалары енгізілген. №1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал 3,4,5,9,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Сондай-ақ, шағынауданды мектепке баратын жолмен қамтамасыз ету бойынша жалпы ұзындығы 908 м, ені 6 м жолға 2 қабатты асфальт төсеу жобаланған.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Мұрат Әйтенов салалық басқармаларға құрылыс жұмыстарының кестеге сай өз уақытында сапалы атқарылуын қадағалауды тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close