Саясат

ТҮРКІСТАН ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Түркістан - тек еліміздің емес, күллі түркі жұртының мақтанышы. Төрт жыл бұрынғы тарихи шешім қаламызды облыс орталығына айналдырып, дамуының жаңа тұжырымдамасын бекітті.

Сол тұжырымдама негізінде киелі шаһарда қыруар жұмыс атқарылып,  үлкен өзгерістер орын алды. Ендігі міндет — тарихпен үндесе қалыптасқан қаланың жаңа көркін сақтай отырып, оны өркендету. Бұл баршамызға жауапкершілік жүктейтіні белгілі.
Қазіргі таңда рухани астанаға туристердің  қызығушылығы артуда. Оны күн санап көбейген қонақтардың санынан аңғаруға болады. Келушілер дұрыс пікір қалыптастырып, оң әсер алуы үшін абаттандыру, тазалық жұмыстары бір сәт те тоқтамай жалғасуда.

Бүгін жауапты мамандармен бірге халықаралық әуежайға апаратын жолдың бойын, мәдени-рухани орталық аумағын аралап, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тапсырмалар бердім. Қаламыз үшін туристік әлеуетін арттыру аса маңызды. Осы мақсатта тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша ауқымды жобалар қолға алынды. Күлтөбе қалашығының тарихи нысандары, «Қожа Ахмет Яссауи», «Жұма мешіті», «Есім Хан» және «Рабия Сұлтан Бегім» кесенелері қалпына келтірілуде, «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражай аумағының абаттандырылуы тұрақты бақылауда. Шаһарда қазіргі таңда жеке инвестиция есебінен қонақ үйлердің, демалыс орындарының, ойын-сауық орталықтарының құрылысы қарқын алғанын да атап өткенім жөн.

Бүгінде қонақ үйлер 55-ке жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 58 пайызға артты, жоғарғы санатты қонақ үйлер 10-нан асты. Жеті айдың көрсеткішіне сүйенсек, қаламызға келушілердің саны миллионға жуықтаған. «Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз» дейді халық нақылы. Тасын түртсе тарихы төгілетін Түркістанның ертеңі бүгінінен де керемет болары анық. Себебі, бүгінгі Түркістан мен кешегі Түркістанның айырмашылығы — еңбектің шығаратын шыңын екшеп берді.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close