ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ КІШІ СӘУЛЕТ МҮСІНДЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Бүгінде Шымкентте қаланы көріктендіру және абаттандыру бойынша кіші сәулет ынсандары орнатылуда. Қала әкімі Абай ауданында «ЛТД-тұрмыс» ЖШС алаңында орнатылған заманауи кіші сәулеттік мүсіндерді аралап көрді.
Бұл жұмыстарға жауапты – «Архиформа эксперт» ЖШС. Мекеме «АрхиТАС» бренді аясында мәрмәр тастардан заманауи кіші сәулеттік пішіндер жасайды. Негізінен, кіші сәулеттік пішіндер (МАФ), мәрмәр тастардан жасалған орындықтар, қоқыс жәшіктері, гүлге арналған үлкен құмыралар (вазон), вело тұрақтар, қозғалыс кедергілері және тағы басқалар.
Мекеме өнімдері отандық өндіріс бойынша, заманауи және антивандалық үлгіде жасалуымен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, аталған мекеме парктер мен скверлер, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың алаңдары тұрғындарға мейлінше қолайлы болуы үшін тиісті абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.