Саясат

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕЛІК БАСПАНАҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 15 қыркүйек аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «5-20-25» бағыты бойынша жеңілдетілген пайыздық көрсеткіштегі 192 несиелік пәтерге өтінімдер қабылдау конкурсы басталды. Аталған кредиттік бағыттағы конкурсқа тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық азаматтар қатыса алады. Ол үшін Отбасы банкінің «baspana.otbasybank.kz» порталы арқылы онлайн өтінім жіберсе болғаны.

Алғашқы жарна пәтер құнының 20 %-ын, несиенің жылдық мөлшерлемесі 5 %-ды құрайды. Отбасы банк жариялаған ақпаратқа сәйкес, тұрғын үйлер Тұран шағынауданында орналасқан.

Айта кету керек, бұл бағыт бойынша азаматтарға қойылатын басты талап, отбасының соңғы алты ай ішінде еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен табысы әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен (2021 жылға – 126 917 теңгеден) аспауы қажет. Зейнетақы аударымдары мен жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар табыс көзі ретінде есептелмейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close