Спорт/Шоу-Биз

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 12 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Шымкентте нысана көздеуден 14-ші Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жүлдеге ие болды. Отандық спортшылар 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Екінші орынға 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан командасы, үшінші сатыға 5 алтын және 3 күміс иеленген Индонезия құрамасы жайғасқан. Азия біріншілігіне құрлықтың 10 мемлекетінен 176 спортшы қатысты.

Сондай-ақ, пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден командалық жарыста Юрий Юрков, Ислам Усейнов және Алексей Клейменов топ жарды. Аралас командалық сында Ирина Локтионова мен Эльдар Иманқұлов күміске қол жеткізді.

Азия чемпионатында Ислам Усейнов (жекелей сын, командалық сын, ҚР рекорды), Эльдар Иманқұлов (жекелей және командалық сын), Зухра Ирназарова (жекелей сын), Никита Шахторин (жекелей және командалық сын, жасөспірімдер арасында ел рекорды), Юрий Юрков сынды мергендер үздік нәтиже көрсетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close