Тәуелсіздікке — 30 жыл

АЛПАУЫТ МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН ДОСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛҒАНЫМЫЗ ӘЛДЕҚАЙДА ҰТЫМДЫ

Әлсізбіз дегенім емес…Алайда, қазіргі таңда Ресеймен де, Қытаймен де, тіпті АҚШ-пен де тіл табысып, достық қарым-қатынаста болғанымыз әлдеқайда ұтымды. Яғни, осы уақытқа дейін ұстанып келген көпвекторлы сыртқы саясатымыздан айнымағанымыз абзал. Жалпы, осы ұстанымды басшылыққа алған кез келген мемлекет әлемдегі барлық елдермен, оларда үстемдік құрып отырған билік тәртібіне қарамастан, тату-тәтті қарым-қатынас орнатады. Бұны– әлемдегі тепе-теңдікті сақтаудағы басты талап деуге болады.
Қазақстан бейбітшілікті қалайтын және бейбітшілікке шақыратын, шақырып ғана қоймай араздасқанды татуластыратын мемлекет десем, артық айтқандық емес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ осы ұстанымдамыз.
Тіпті, 1992 жылы 5 қазанда Елбасы Н.Назарбаев алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ас­самблеясының 46-сессиясында сөз сөйлеп, еліміздің бейбітсүйгіш мемлекет ретінде БҰҰ Жарғысымен толық келісетінін баса атап көрсеткен болатын. Осы бағытымыздан таймай келеміз.
Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық болсын! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болғай! Алла елімізді бейбіт өмірден ажыратпасын!

Дәурен Болыс.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close