Тәуелсіздікке — 30 жыл

АСТАНА БІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ НЫҒАЙТУДА

Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміз түбегейлі өзгерді. Қоғамдық-саяси қатынастар мен экономиканың барлық салаларында жаңару проецесстері қарқынды жүргізілді. Әсіресе, экономикалық реформалар жемісті болып, елдің инфрақұрылымы дамып, халықтың әл-ауқаты артып келеді.

Тәуелсіздік жылдары жаңа елордамыз — Астана қаласы бой көтерді. Бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы және жаңа Қазақстанның жарқын символы — елорда халықаралық саясаттың аса ірі орталықтарының біріне айналуда. Елбасы атап өткендей, Астана бүгін біздің Тәуелсіздігімізді нығайтуда және дамытуда. Алматы Тәуелсіздігіміздің бесігіне айналса, Астана — болашақтың бесігі. Астана арқылы біз Қазақстанды бүкіл әлемге паш еттік.

Қазақ қарулы күштері, Республикалық ұлан, шекаралық әскерлер және әскери-теңіз флоты пайда болды. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды пайдаланудан өз еркімен бас тартып, өзін ядролық қарусыз ел ретінде жария етті. Жүйелі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қарқынды жүргізу арқылы нарықтық қатынастар мен институттар құрылды, этносаралық үйлесімділік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз еттік, әлемдік дағдарыс жағдайында экономикалық дамуға қол жеткіздік.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close