Егемендік пен Тәуелсіздікті асықпай алудың себебі неде?
1990 жылдардың басында КСРО-да «егемендік шеруі» басталды. Алдымен Балтық жағалауы мемлекеттері өз егемендіктерін жарияласа, артынан одаққа мүше басқа да елдер осы бастаманы қолдады.
Ал Қазақ КСР 15 республиканың ішінде 14-ші болып өз егемендігін жариялады.
1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы» декларацияны қабылдады. Оған сәйкес, биліктің барлық тармағы республиканың өзіне өтеді.
Бірақ кейбір мәселелер одақ басшылығымен келісіледі. Ал егемен елде биліктің толық үстемдігін жасау үшін тәуелсіздік қажет.
1991 одаққа мүше болған мемлекеттер біртіндеп өз тәуелсіздіктерін жариялауға кірісті. Қазақ КСР тәуелсіздікті де алуға асықпады, КСРО елдері ішінде ең соңғы болып алды. Оның да өзіндік себебі бар. Одақ ыдырғаннан кейін зиялы қауым арасында талас-тартыс басталып кетті.
Оған қоса, қазақтар өз елінде саны жағынан басым ұлт болмады. Ал асығыс шешім басқа ұлттардың қарсылығын туғызып, этникаралық қантөгіске себеп болуы мүмкін еді.
Бұдан бөлек, егемен елдердің одағын құру жоспары болған. Бірақ ол іске аспай қалды. Содан 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңды қабылдады.