Тәуелсіздікке — 30 жыл

ЕЛБАСЫНЫҢ ӘЛЕМ ТАРИХЫНДА ҚАЛАТЫН БАСТАМАЛАРЫ

10. Мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты нығайту жолында

Бүгінде қазақ жерінде 140 этникалық және 40 конфессиялық топ өкілдері татулық пен түсіністікте өмір сүріп жатқанына әлем жұртшылығы таңданыс білдіретіндігі рас. Дегенмен, қазіргі заманда діннің қоғамдағы маңызының арта түскенін жіті сезінген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізу бастамасын көтерген-ді. Алғашқы съезд 2003 жылы 23-24 қыркүйекте елордамызда өтіп, оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысқаны белгілі. Содан бері 6 съезд өтті. Жаһандық ауқымдағы мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты нығайтуға еліміздің сүбелі үлес қосуын көздейтін кезекті 7-съезд 2021 жылға жоспарлаған.

Айта кетерлігі, Елбасының мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты нығайту жолындағы ерен еңбегі ескерусіз қалмақ емес. Мәселен, осы жылдың 18 қыркүйегінде елордада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XVIII отырысында Нұрсұлтан Назарбаевтың съезд жұмысын ілгерілетудегі ерен еңбегін арнайы құжат арқылы мәңгіге есте қалдыру туралы ұсыныс жасалған болатын.

«Осынау бастама аясында жұмыс тобының мүшелері арнайы құжаттың түрі мен форматын ойластыруға дайын екендіктерін білдірді. Аталған құжатты 2021 жылы өтетін 7-ші съезде қабылдауға болар еді. Онда съезд авторы Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау бірегей жаһандық тұғырнамамызды құрудағы айрықша рөлі көрініс табады», — деген еді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close