Тәуелсіздікке — 30 жыл

Халық сынына ұшыраған шешімдер

Тәуелсіздіктың алғашқы жылдары оңай болған жоқ. Жұмыссыздық көбейіп, зейнетақы мен жалақы уақытында төленбеді. Бюджетке түсетін салықтың көлемі азайды. Ал үкімет әлеуметтік төлемдерді жасай алмады. Содан зейнетақы жүйесін өзгертуге шешім қабылданды.
Алдымен зейнетке шығу жасы әйелдер үшін 58 және ерлер үшін 63 жасқа дейін ұзартылды. Артынан зейнетақы жинақтау тәртібі енгізілді. Зейнетақы айдың басында емес, соңында төлене бастады. Осылайша, біраз қаржы үнемделді.
Алайда зейнет жасын ұзарту онымен тоқтаған жоқ. 2012 жылы әйелдерді зейнетке шығу жасын ерлермен теңестіруге ұсыныс жасалды. Бұл бастама халық наразылығын туғызды. Барлығы қарсы болды.
Сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев заң жобасы мәжіліске қайтарып, әйелдердің зейнет жасын біртіндеп көтеруді ұсынды. Осылайша, 2018 жылдан бастап жарты жылдан қосылады. Ал 2027 жылы қазақстандық әйелдердің бәрі 63 жасында зейнетке шығатын болады.
Дегенмен, заң бойынша зейнетке ерте шыға адамдар бар.
Олар:

5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер – 53 жас;

Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында 1949 жылдың 29 тамызы мен 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында кемінде бес жыл тұрған қазақстандықтар: ерлер – 50 жаста, әйелдер – 45 жаста.

Халық сынына ұшыраған тағы бір ауқымды бастама ол — LRT жобасы. Астанадағы жеңіл рельсті көлік құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталады деген жоспар болған. Алайда қытайлық инвесторлар қаржыландыруды тоқтатты.
Артынан «Астана банкінде» тағы 200 миллион доллардың бұғатталып қалғаны туралы ақпарат тарады. Биыл наурыз айында Есеп комитеті бұл жоба өзін ақтамайтынын мәлімдеді.
Бұдан бөлек, тәуелсіздік алғалы бері ауыз су мәселесі толығымен шешілмей келеді. Жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ әлі күнге дейін өзекті болып тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close