Тәуелсіздікке — 30 жыл

КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары естеріңізде ме? Газ жоқ. Жылу мазасыз. Жарық бір күн болса екі күн жанбайды. Көпқабатты үйлердің тұрғындары есік алдына қазан-ошақ орнатып ас даярлады. Жайқалып өсіп тұрған ағаштардың көбі отынға кетті. Пәтердің ішіне пеш орнатып, мұржасын терезеден шығарып…Есіңе түссе көзіңе жас келеді. Жұмыс жоқ. Жұмысы барларға айлық айлап төленбейді. Жан бағу үшін халықтың дені ала дорба арқалады. Саудаға кетті. Жабайы базарлар көбейіп, жұрт үйінде не бар, соны сонда саудалады. Сол жылдары қалада тұратындардың біразы ауылға көшті. Барлығы есімде. Көрдім. Сезінгенмін де. Өте қиын кезеңдер еді. Бұл кезең жап-жас тәуелсіз мемлекетімізге Алла тағаладан берілген сынақ та сабақ та болған шығар. Өттік, еңсердік. Бертін келе еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы дұрыстала бастады. Ал бүгінгі жағдайды сонау тоқсаныншы жылдармен салыстыруға мүлдем келмейді. Даму бар. Елде де адамдарда да. Десек те, елдің дамуына кедергі келтіретін, тұсау болатын мәселелер де жоқ емес. Мысалы, жемқорлық. Дегенмен, болашаққа сеніммен қарасақ жемқорлық та ауыздықталады. Елдің жағдайы қазіргіден де күшті болатыны айдан анық. Жаратушы Алла сол күндерді нәсіп етсін!
Тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Дәурен Болыс.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close