Тәуелсіздікке — 30 жыл
Қазақ ғарышқа жол тартты
Тәуелсіздік алғанға дейін қазақ халқының өкілі алғаш рет ғарышқа аттанды. 1991 жылы 2 қазанда Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров жерді айналып жүрген «Мир» кешеніне ұшып барып, бір апта бойы зерттеу жұмыстарымен айналысты. Одан бір жыл бұрын егемендік туралы декларацияның қабылданғанын айта кеткен жөн. Сондықтан ол егемен елдің тұңғыш ғарышкері болды.
Ал қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев 1994 жылы 1 маусымда алғашқы сапарына аттанды. Ол кезде мемлекеттік тәуелсіздік туралы декларация қабылданып қойған. Артынан Мұсабаев ғарышқа тағы екі рет ұшып келген.
2015 жылы 2 қыркүйекте ғарышқа үшінші қазақ жол тартты. «Союз ТМА-18М» кемесінің бортинженері Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясына аттанып, он күннен кейін жерге оралды