Тәуелсіздікке — 30 жыл

Қазақстан қолға алған бастамалар

Осы уақытқа дейін Тәуелсіздіктің тұғырын күшейткен бастамалар да аз болған жоқ. Мәселен, 1995 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Осы ұйымның негізгі мақсаты — елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету. Бұдан бөлек, маңызды әрі тиімді шешімдер қабылданды.
Олар:

1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан күндері Алматыда Дүниежүзі қазақтарының I құрылтайы өтті.

1993 жылы 5 қарашада «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылды. Содан бері мыңдаған қазақстандық әлемнің үздік университеттерінде білім алып, тәжірибесін шыңдап қайтты.

1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола ресми түрде Қазақстанның елордасы атанды. Бір жылдан кейін Ақмоланың атауы «Астанаға» өзгертілді. Ал 2019 жылы Нұр-Сұлтан деп ауыстырылды. Қала күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен қатар аталып өтеді.

2000 жылдың 30 маусымында Қазақстан ең ірі жоба — Қашаған мұнай-газ кен орнын іске қосты. Ол соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі кен орны болып саналады.

2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

2003 жылы Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі өтті. Конгреске 23 елден 17 делегация қатысты.

2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында VII қысқы Азия ойындары ұйымдастырылды. Қазақстан спортшылары 70 медаль жеңіп алды. Соның ішінде 32 алтын жүлде бар.

2017 жылы Астанада ЭКСПО халықаралық мамандырылған көрмесі өтті. Үш айға созылған шараға 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге 4 миллион адам келіп кетті. Олардың ішінде жарты миллион шетелдік бар.

2017 жылы Алматыда 2017 жылғы қысқы Универсиада ұйымдастырылды.

2018 жылдың 5 шілдесінде ЭКСПО көрмесінің қалашығында Астана халықаралық қаржы орталығы ашылды. Ол Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінің экономикасын байланыстыратын бизнес пен қаржының аймақтық орталығы ретінде шешуші рөл атқарады деген жоспар бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close