Тәуелсіздікке — 30 жыл

ШЫМКЕНТТІҢ ӘРБІР ЖЕТІСТІГІ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АРҚАСЫ

«Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне» демекші, Шымкент маған ай да, күн де. Тіпті жұлдыз да. Жүрегіммен жақсы көремін. Ерекше, әдемі қала. Өзінде де, адамдарында да жылуылық бар. Қазақилық сақталған. Мұнда жылдың төрт мезгілі өз уақытымен келеді, өтеді. Жанға жайлы. Өмір сүруге ыңғайлы. Шымкенттен ұзап кетсем қайтқанша асығамын. Мұндай сезім тек менің емес, талайлардың бойынан табылары һақ. Міне, 2200 жылдық тарихы бар еліміздегі үшінші шаһар соңғы жылдары бұрынғыдан да құлпыра түскен. Мегаполис статусына сай өзгерістер орнымен, рет-ретімен болып жатыр. Әрине, кеше ғана жеке-дара қала ретінде облыстан бөлініп шыққанына көп уақыт бола қойған жоқ. Десек те қаланың бас жоспарға сәйкес дамуы тәуір. Көре білгенге жұмыс жүріп жатыр. Әрине, жұмыс бар жерде кемшілік жоқ емес. Бар. Алайда, жақсы тұстарымыз туралы көбірек сөз қозғасақ кемшіліктердің азая түсетіні рас.

Жалпы, Шымкенттің, шымкенттіктердің әрбір жетістігі, табысы мен жеңісі Тәуелсіздіктің арқасы!
Жайнай бер Шымкент!

Дәурен Болыс.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close