Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК — АТА-БАБАЛАР АҢСАҒАН КҮН

Қазақ халқы Тәуелсіздікті ерте кезден-ақ аңсады. Бұған бостандық алу жолындағы ата-бабаларымыздың күрес жолы куә.
Алла Тағала Тәуелсіздігімізді баянды етсін!

Бірер күннен кейін Тәуелсіздік күні. Егемен ел болғынымызға 30 жыл ! Жалпы, Тәуелсіздіктің отыз жылын үш онжылдыққа бөліп қарастыруға болады. Әр онжылдықтың өз миссиясы болды. 1991-2001 жылдар аралығы Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалауға жұмсалды. 2001-2011 жылдарда іргетасы қаланып біткен елдің керегесін кеңейту жұмыстары жүргізілді. Ал, 2011-2021 жылдар өсіп-өркендеу жолына арналды. Қазақта «Елу жылда ел жаңа» деген қанатты сөз бар. Келесі онжылдықта Қазақстан 30 жылдықтағы орын алған барлық кемшіліктерді түп-тамырымен жойып, халықтың әл-ауқатын шынайы дамыту жолына түссін деп тілейік. Тәуелсіздіктің 50 жылдығында еліміз білімі мен ғылымы дамыған, әлеуетті артқан, экономикасы мықты елге айналуы тиіс.

Дәурен Болыс.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close