ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ
— Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі мемлекетіміздің ЕКЫҰ-на төрағалық еткен соң, көпқырлы дипломатияны жалғастыруға, мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және республиканың беделі мен рөлін күшейтуге деген ұмтылысы болып табылады.
— 2011 жыл Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды.
— 2011 жылы 5 наурызда Астанада Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезі болып өтті.
— 2011 жылы 25 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы салтанатты түрде ашылды.
— 2011 жыл 16 желтоқсанда Мемлекет басшысы Астанадағы «Мәңгілік Ел» қақпасының ашылу салтанатына қатысты.
— 2011 жылдың тағы бір ерекшелігі – осы жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді. Сонымен қатар, 14 желтоқсан күні Парламент Сенатының салтанатты жиынында Президентке Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған төсбелгі табыс етілді.