ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ
— 2013 жылы «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.
— 30 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға көшу» жөніндегі тұжырымдама туралы» Жарлығы шықты.
— 2013 жыл қазан айында «Нұр Отан» партиясының маңызды саяси оқиға деп бағалауға болатын жаңа саяси доктринасы қабылданды. Доктрина «Нұр Отан» партиясының 21 ғасырдағы миссиясы мен «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы рөлін анықтауға бағытталған.
— 2013 жыл 24 тамыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.
-2014 жыл 17 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
— Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды.
— 2014 жылы тамыз айында Елбасы Елбасы Ұлытау жерінде сұхбат беріп, еліміздегі негізгі мәселелерге байланысты көзқарастарын білдірді. Оның ішінде, қазақ ұлтының тарихы, діні, тілі, сондай-ақ еліміз үшін аса маңызды саналатын Еуразиялық экономикалық одақ жайлы тақырыптар қамтылды.
— 2014 жылғы Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы тағы бір елеулі оқиға — елімізге қатысты Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы шешім қабылданды.
— 2014 жылдың тамыз айында Үкіметте қайта құрылымдау болды. 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды.
— 2014 жыл 27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.
— 2014 жылдың қазан айында Елбасы Астана қаласының белсенділерімен кездесу кезінде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтілетіні жайлы мәлімдеді.
— 2014 жыл 11 қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
— 2014 жыл 15 желтоқсанда елордадағы «Астана Опера» театрында еліміздің қастерлі мерекесі — Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті.