Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

— 2017 жылғы наурызда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылайша, мемлекеттiк билiк тармақтары арасындағы өкiлеттiктер қайта бөлiндi. Реформа мақсаты – билiктiң атқарушы тармағын барынша тиiмдi, жауапты әрi оперативтi ету, президенттiк басқару формасын сақтай отырып, парламенттiң бақылау функциясын күшейту.

— 2017 жылдың 26 қазанында Мемлекет басшысының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы жарлығы қабылданды.

— Елордада ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы халықаралық шара 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өттi. Шараға 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысып, көрменi барлығы 4 млн адам тамашалады. Оның iшiнде 178 елдiң өкiлi бар. Қазір «Нұр Әлем» павильоны музейге айналды.

2018 жыл

— Тәуелсіздіктің нышаны – арайлы Астанамызға 20 жыл.

— 2018 жылдың 12 тамызында Ақтауда 5-ші Каспий саммиті өтіп, оған теңіз жағалауындағы Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан елдерінің президенттері қатысты.  Дәл осы алқалы жиын барысында 25 жылдан бері күрмеуі күрделі проблемаға айналып келген Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі айқындалған болатын.

— 2018 жылы 10-11 қазан күндері Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close