ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ
2011 жыл қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жаңажылдық құттықтау сөзінде: «Таяуда Қысқы Азия ойындарының алауы жағылды;
2011 жыл 27 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды;
2011 жыл 4 ақпанда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығы шықты. Ал бір аптадан соң, яғни 11 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына кандидат болып ұсынылды;
2011 жыл 21-22 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары өтті;
2011 жыл 5 наурызда Астанада Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезі болып өтті;
2011 жыл 17 наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Елбасы Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен келіссөздер жүргізді;
2011 жыл 1 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Роберт Спенсер Оливерді және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы делегациясының басшысы — ЕҚЫҰ-ның қысқа мерзімді байқаушыларының арнайы үйлестірушісі Тонино Пицуланы қабылдады;
2011 жыл 3 сәуірде Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауы өтті. Ал ертеңіне, таңғы сағат 10-нан 7 минут өткенде Орталық сайлау комиссиясы тарапынан Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдап, сайлаушылардың 95,5 пайызы дауыс бергені хабарланды;
2011 жыл 16 сәуірде Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға өзінің шақыруы бойынша ресми сапармен келген Үндістан Республикасының Премьер-министрі Манмохан Сингхпен кездесіп, келіссөз жүргізді;
2011 жыл 19 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның астанасы Киев қаласына барып, Чернобыль АЭС-індегі апатқа 25 жыл толуына орайластырыла ұйымдастырылған, атом қуатын қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану мәселелеріне арналған саммитке қатысты;
2011 жыл 20 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Эстонияға екі күндік мемлекеттік сапармен барды. Сапар барысында Қазақстан Президенті Эстония басшысы Тоомас Ильвеспен кездесті;
2011 жыл 3 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ІV Астана экономикалық форумы «Жаңа онжылдық: болашақтар мен талаптар» деген тақырып бойынша өз жұмысын бастады. Оның жұмысына әлемнің 80 елінен 3 мыңнан астам адам жиналды;
2011 жыл 24 мамырда Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Кездесуде тараптар екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге қатысты мәселелерді талқылады;
2011 жыл 25 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы салтанатты түрде ашылды. Онда Елбасы «Қазақстан — дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбылысы» тақырыбында сөз сөйледі;
2011 жыл 6 маусымда Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Абдал Разакпен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылды;
2011 жыл 8 маусымда Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен VII Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумының (БИЭФ) салтанатты түрде ашылу рәсімі болды;
2011 жыл 13 маусымда Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесіп, келіссөз жүргізді;
2011 жыл 15 маусымда Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтті;
2011 жыл 17 маусымда Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Испания Корольдігі Үкіметінің төрағасы Хосе Луис Родригес Сапатеромен кездесті. Елбасы мен Испания Үкіметінің төрағасы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты келіссөз жүргізді, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. — 25 тамызда Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бакпен кездесті;
2011 жыл 30 тамызда Конституция күніне және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай еліміздің бас қаласындағы «Қазақ елі» монументі алдында ел Президенті — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен әскери шеру өтті;
2011 жыл 7 қыркүйекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Сайед Юсуф Реза Гиланимен кездесті. Тараптар халықаралық және аймақтық ұйымдардағы екіжақты өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады;
2011 жыл 19 қыркүйекте Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Франция астанасы Парижге келді. Мұнда Мемлекет басшысы осы елдің Президенті Н.Саркозимен жүздесіп, «Альстом», «Обер э Дюваль», «Эр Ликид» сияқты ірі компаниялар басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді;
2011 жыл 22 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясына қатысып, сөз сөйледі. Елбасы жиында Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толған Қазақстан Республикасы БҰҰ Жарғысын ұдайы берік ұстанумен келе жатқанын атап көрсетті;
2011 жыл 12 қазанда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Ядросыз әлем үшін» атты сол форум өз жұмысын бастады. Форумда Ядролық қарусыз әлем жөніндегі декларация қабылданды;
2011 жыл 21 қазанда Алматыда Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық кеңесінің I Саммиті болып өтті. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Президенті Илхам Алиев, Қырғызстан Президенті Роза Отунбаева және Түркия Премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздағ қатысты;
2011 жыл 18 қарашада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 1-ші отырысына қатысты. Бұдан өлек, Елбасының Кеден одағына мүше мемлекеттер басшыларымен кездесуі өтті;
2011 жыл 15 желтоқсанда Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі;
2011 жыл 16 желтоқсанда Мемлекет басшысы Астанадағы «Мәңгілік Ел» қақпасының ашылу салтанатына қатысты.